Monday, 16 September,2024

Төреғали Төреәлі жазасын қайда өтеп жатыр?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Есірткіге елітіп, жол ережесін өрескел бұзғаны үшін 20 тәулікке қамалған әнші Төреғали Төреләнің қайда жатқаны белглі болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Tengri Life  жазды. Онда әншінің қоғамдық тәртіпті бұзушыларға арналған арнайы уақытша ұстау изоляторында отырғаны айтылған. Ол  Алматыдағы Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысына жақын жерде орналасқан.

Айта кетейік, Алматыда есірткіге еліткен күйі полицейлерге бағынбай, қырсылық танытқаны үшін Төреғали Төреәлі 20 тәулікке қамалған болатын. Атышулы әнші туралы Uaqyt.info бұған дейін бірнеше материал жазды.

Ұсынылатын