- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- Төреғали Төреәлінің қарындасы не себепті бала көтере алмай жүргенін айтты
Төреғали Төреәлінің қарындасы не себепті бала көтере алмай жүргенін айтты
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі балаға қатысты өзіне жиі қойылатын көпшіліктің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Фариза өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда блогер көптен бері бала көтере алмай жүргенінің себебіне тоқталған.
“Жазатын уақыт келді. Бірнеше жылдар бойы тоқтаусыз келетін сұрақ жайлы өз ойым. Жүктілік жайлы. Бала жайлы. Аллаһтың әр бергеніне де, бермегеніне де біз құл ретінде разы болуымыз керек. "Қалағаның болып жатса бір қайыр,болмай жатса мың қайыр ізде" деген. Мен ұзақ күткеннің артында Аллаһым үлкен хайырмен, мен сұрағаннан да еселеп береді үнемі. Соны білемін. Бірақ бастысы дұға менен үмітті тоқтатпау керек дер едім. Енді ғана жасым 22-де. Бар қызық ИнШаАлла әлі алда. Дәл қазір бала сүюді тілеп жүрген, қалап жүрген, күтіп жүрген әр отбасыға Аллаһым саналы, салих ұрпақ нәсіп етсін”, – деп жазды Фариза Төреәлі.