Төреғалидың қарындасына Түркияда операция жасалмақ
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәліге Түркияда ота жасалмақ. Танымал блогер бұған дейін денсаулығында кінәрат бар екенін айтқан болатын. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Қазір бірнеше дәрігерге кіреміз. Өкпемді тексеретін болады. Биопсия алады екен. Оны тесеміз деді. Көп анализ тапсырып жүрген соң, өзім де көп уақыт аш жүрмін. Тіпті сағат тамақтанбадым. Хирург операция қалай болатынын айтты. Жай ғана өкпедегінің не екенін білу үшін ота жасайды. Кеуде жақтан тесіп жасайды екен. Бұған қайта қуанып отырмыз. Себебі, кеудеден биопсия алу үшін біз жақта кеудені орта жақтан кеседі деген. Таңғалып қалдым. Құр анализге бола кеседі ма деп. Ал бұндай тесіп жасайтын биопсия Түркия мен Кореяда ғана бар екен", - деді Фариза Төреәлі.