Friday, 3 May,2024

Торғайдағы су тасқыны: арнайы репортаж

Uaqyt.info
Фото

ASSYLTAS TV YouTube арнасының түсірілім тобы Торғай өңіріне сапарлап барып, арнайы репортаж әзірледі, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Журналист Рауан Оқас пен Оңғар Қабден аймақтағы жағдаймен көрермендерді жақынырақ таныстырған. Сондай-ақ ауыл халқына гуманитарлық көмек көрсеткен.

“Қостанай облысымызға барған сапарымызда біз су басқан Торғай өңіріне атбасын бұрдық. Жағдай мәз емес, ауыл тұрғындары баспаналарынан, малынан айырылып, қиын сәттерді бастан өткеріп жатыр. Тұрғындар үкіметтен үміт күтетіндерін айтып, жағдай оңалар деген сенімде”,- деді журналист Рауан Оқас.

Рауан Оқастың айтуынша енді түсірілім тобы Атырау облысы, Жылыой ауданындағы жағдаймен танысу үшін, сол жерге бағыт алмақ.

Ұсынылатын