- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Төрт баласынан айырылған ата-анаға әкімдік қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты
Төрт баласынан айырылған ата-анаға әкімдік қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Аягөзде өрттің салдарынан 4 баласынан айырылған отбасыға қатысты Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жауап берді. Оның айтуынша, қайғыдан қан жұтқан ата-анаға Өскеменнен пәтер берілген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Осы қайғылы жағдай болғанда ең бірінші аудан әкімі, менің бірінші орынбасарым сол отбасының қасында болды. Толығымен көмек көрсеттік. Қазір оларға уақытша екі бөлмелі пәтер бердік. Бұл пәтер тұрмыстық техникамен, жиһазбен толық жабдықталған. Желтоқсан айында өздерінің қалауымен Өскемен қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Себебі олар Өскемен қаласында тіркеуде тұр. Осындай көмек көрсетілді, әлі де қажетті көмекті көрсетіп жатырмыз», — деп жауап берді Нұрлан Ұранхаев.