Saturday, 23 November,2024

Төрт бөлімнен тұратын кітап: Президент Садыр Жапаров "Жаңа Қырғызстан" құрмақшы

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Жаңа Қырғызстан» құрмақшы. Тіпті осы бағытта 4 бөлімнен тұратын кітабын жазып шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Vesti.kg дерегіне сүйенсек, еңбек "Жаңы Кыргызстанды куруунун багыты" деп аталады. Әрі төрт бөлімнен тұрады. Біріншісі жаңа Қырғызстанды құру идеясының пайда болуына арналса, екінші бөлімде елдің негізгі идеологиялық бағыттары, үшіншісінде ұлттық дәстүрлер, ерекшеліктер мен халық мәдениеті туралы айтылған. Ал соңғы бөлім қорытындыдан тұрады.

Қырғыз басшысының еңбегі 41 мың дана тиражбен басылып, өңірлік кітапханалар мен елдің түрлі мекемелеріне таратылған.

Айта кетейік, бұл қырғыз басшысының бірінші кітабы емес. 2015 жылы оның "Саясаттағы 10 жыл" атты еңбегі жарияланған. Кітапта Қырғызстандағы негізгі саяси жағдайлар қамтылған.

Ұсынылатын