Friday, 22 November,2024

Трансгендер әйел мектепте алты адамды атып өлтірді: оның үшеуі оқушы

Алмас Абылай
Фото bbc.com

АҚШ-тың Теннесси штатындағы Нэшвилл мектебінде трансгендер әйел 6 адамды атып тастаған. Полиция оны тек өлтіріп қана тоқтатты деп хабарлайды Уақыт.кз.

Вbc ақпарат агенттігінің жазуынша 28 жастағы әйел мектепке 2 автомат және 1 тапаншамен қаруланып келген. Әрі оқу орнында 6 адамды мерт қылды. Оның үшеуі 9 жастағы мектеп оқушысы болса, қалғандары 60 жас шамасындағы қызметкерлер.

Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері әйелді тоқтатуға тырысқан. Бірақ ол тәртіп сақшыларына да оқ жаудырып, тіпті бірін жаралаған. Кейін полицейлер қару қолдануға мәжбүр болыпты. Нәтижесінде келіншек оқиға орнында көз жұмды.

Тергеу нәтижелері анықтағандай мектепке баса көктеп кірген келіншек Одри Хейл есімді трансгендер болып шықты. Ол бұған дейін осы оқу орнында оқыған көрінеді.

Ұсынылатын