Saturday, 23 November,2024

Трансвеститтер клубында көңіл көтерген қызылордалық екі мұғалім жұмыстан кетті

Uaqyt.info
Фото

Қызылордалық екі мұғалімнің Түркияда демалған сәті қоғамда қызу талқыланып жатыр. Олардың трансвеститтер клубынды көңіл көтерген сәтінің видеолары әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін қос ұстаздың қылығы ата-аналарға жақпай қалған. Олар балаларының болашағына алаңдап, олардың жұмыстан кетуін талап етті. Қол астында жұмыс істейтін мұғалімдердің әрекеті мектеп басшылығының да төбесінен жай түсіргендей әсер еткен. Транстармен көңіл көтерген қос мұғалім қызметінен кетті.

"Екеуі де ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, жас мамандар. Біреуінің "магистр" атағы да бар. Ұстаздардың әрекетін педагогикалық кеңесте талқыладық, жиналысқа әдейілеп тек әйел мұғалімдерді қатыстыруды жөн көрдім. Жиналыстан кейін ұстаздар өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыздарын жазды. Ол кісілер тек ұстаз ғана емес, сонымен қатар әйел кісілер, бала тәрбиелеп отырған ана. Әріптестеріміздің мұндай әрекетке барғандары өте ұят болды", - деп мәлімдеді мектеп директоры Гүлжахан Нарбаева.

Ұсынылатын