Friday, 22 November,2024

Тудан туындаған тартыс: Анкарадағы саммитте Ресей мен Украина делегаттары төбелесті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Түркияның Анкара қаласында өткен Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы Парламенттік Ассамблеясының (ҚТЭЫПА) саммитінде Ресей мен Украина делегаттары төбелесті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Төбелес Ресей делегатының Украина туына жармасуынан басталды. Бейнежазбадан ту ұстаған Украина делегаттарына аяқ асты Ресей өкілі келіп қолынан тартып алып кеткенін байқайсыз. Мұның арты жұдырық сермеуге жалғасады.

Кейіннен оқиғаның не себепті туындағаны анықталған. Яғни Мемлекеттік Думаның депутаты Ольга Тимофееваның сөз сөйлеуі кезінде оның артына украин делегациясының өкілі келіп, Украинаның туын ұстайды. Мұны көрген Мемлекеттік Думаның халықаралық басқармасының қызметкері оған жақындап, туды жұлып алып, алып кетуге тырысқан. Ал туды қайтарғысы келген Украина делегаты оны ұра бастады, сөйтіп кездесу аяғы төбелеспен аяқталды.

Ұсынылатын