Saturday, 23 November,2024

Туған қызын зорлаған әке 20 жылға сотталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыда туған қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген әке енді 20 жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов мәлімдеді. Оның айтуынша, күдіктінің қылмысы толық дәлелденген.

Іс жүргізу материалдарында 1979 жылы туған М.есімді азамат 2021 жылдан бері 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсіп, моральдық зиянмен қоса, денсаулығына да зиян келтіргені анықталды. Екі жылдан кейін қыз бала бұл туралы анасына айтқан. Ал анасы өз кезегінде полицияға арызданған. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес М.есімді азамат дереу уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Содан кейін сот оны қамауға алуға санкция берді. Күдіктінің кінәсі бірқатар сараптамалық зерттеулермен, жәбірленуші қыздың түсініктемесімен және тергеу әрекеттерімен дәлелденді, - деді Олжас Шәріпов.

Ұсынылатын