Wednesday, 15 May,2024

«Тұмар-2023» ұлттық бәйгесі биыл несімен ерекше?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

«Тұмар-2023» ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Дәстүрлі түрде өтетін «Тұмар-2023» ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды. Өтінімдер 18 маусымға дейін қабылданады. Байқауға республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады. Сондай-ақ биылғы сайысқа алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік журналистік зерттеу» номинациялары енгізіліп отыр.

Номинациялар:

  • Үздік ақпараттық бағдарлама
  • Үздік әлеуметтік жоба
  • Үздік журналистік зерттеу
  • Үздік аналитикалық бағдарлама
  • Үздік ток-шоу
  • Үздік ойын-сауық бағдарламасы
  • Үздік тележурналист
  • Үздік тележүргізуші
  • Үздік спорт комментаторы
  • Үздік аймақтық телеарна
  • Үздік деректі фильм (Қамал Смайылов атындағы арнайы премия)

Айта кетейік, жеңімпаздарға Тұмар мүсіншесінен бөлек 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі.

Ұсынылатын