Friday, 22 November,2024

"Түнде ұйықтадым". Депутат Дәулет Тұрлыханов Астанада мұнайшылар ұсталғанда қайда болғанын айтты

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов елордаға жиналған Жаңаөзендік жұмысшылар ұсталған уақытта не істегенін айтты. Сөзінше ол ұйықтаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Депутаттың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеода мәжілісмен Астанада мұнайшыларды ұстау кезінде не істегенін айтады. Сөзінше ол бұл жағдайды білмеген. Әрі ұйықтаған. Журналистпен арадағы диалог былай өрбиді:

- Сіз ұстау кезіндегі бейнежазбаны көрген жоқсыз ба?

- Жоқ.

- Естігенде жоқсыз?

- Нені естуім керек…

- Ұсталғандар туралы ақпаратты естімедіңіз бе?

- Жоқ, түнде ұйықтадым мен.

Депуттаттың бұл жауабына желідегі жұрт түрлі жазба қалдыруда. Басым бөлігі оны сынаған.

Ұсынылатын