Saturday, 23 November,2024

Түндік пе, күнбағыс па? Қырғыз депутаттары туды өзгерту тақырында таласып қалды

Алмас Абылай
Фото 24.kg

Қырғызстанда шенділер туға байланысты тартысып қалды. Мәселе ұлттық рәмізді өзгерту-өзгертпей жайынан туған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

24.kg дерегіне сүйенсек, Қырғызстанның Жогорку Кенешінің (парламентінің) депутаты Мирлан Самыкожо республиканың туын өзгерту туралы бастамаға қарсы шыққан. Ол заң шығарушы органның отырысында желілерде қырғызстандықтардың республика туын өзгертуге қарсылық білдіргенін айтты.

"Басқа іспен айналысайық. Туға тиіспейік. 30 жыл өмір сүрген мемлекет рәмізінде күн сәулесі бар. Жалынның белгілері анық. Оны өзгертсек, саптыаяққа айналады. Бұдан да маңызды істер тұрғанда тумен айналыссақ, халық кешірмейді. Кім тудағы күн нұрын күнбағысқа теңесе, олардың өздері күнбағыс. Өзгенің айтқанын істеп, күн сәулесі түскен жердің көкегіне айналғандар солай айтады", – деді ренжіп.

Десе де бұған спикер Нұрланбек Шәкиев жақында ту авторларымен кездескенін түсіндірді. Сөзінше рәміз түндікке ұқсап қалған.

"Олар мемлекеттік рәмізді енді танымай барамыз дейді. Оның бастапқы бейнесі қазіргідей емес. Түндіктің қалай тұрғанын қараңыздар. Қырғыз элементтерін жақсы білесіздер. Бәрі басқаша болып өзгеріп кетті. Біз оны тек бастапқыдағы қалпына қайта келтіргіміз келеді. Басқа ешқандай өзгеріс болмайды", - деді Шәкиев.

Әзірге тартысқа түскен елдің ту мәселесіндегі талқылау нақты нәтижеге жеткен жоқ.

Ұсынылатын