Saturday, 23 November,2024

Тура кинодағыдай: Екінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен депутат іздестіріліп жатыр

Uaqyt.info
Фото

Қырғызстанда жоғарғы кеңестің депутаты Эмил Жамгырчиев парламенттің екінші қабатында орналасақан кабинетінің терезесінен секіріп, қашып кетті. Әзірге бой тасалап жүрген халық қалаулысының қайда екені белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әлеуметтік желіде пайда болған видео көптің қызу талқысына түсті. Онда депутаттың терезеден секіріп, қашып бара жатқанын көруге болады. Оның іс-әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Мұндай қадамға Эмил Жамгырчиев қылмыстық жауапкершіліктен қорыққандықтан барғаны айтылуда. Өйткені ол Қырғызстанның шекарасын заңсыз кесіп өтті деп айыпталып отыр. Әзірге депутаттың қайда жасырынғаны белгісіз. Оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұсынылатын