Friday, 22 November,2024

Тұрғын 45 жыл бойы тізесіне кірген инемен жүрген

Алмас Абылай
Фото Фото: Алматы қаласы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі

Алматыда 45 жыл бойы тізесіне кірген инемен жүрген әйелге ота жасалды,  деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әйелдің айтуынша 45 жыл бұрын оның тізесіне тігін машинасының инесі кіріп кеткен екен. Артынша ауруханаға барып тексерілген. Бірақ ине табылмапты. Осылайша бала күніндегі жарақат осы күнге дейін мазаламаған. Тек соңғы уақытта ғана аяғы ауырып, ақсаңдап қалады.

"Биыл ғана қатты ауырсынып, күннен-күнге асықна түсті. Амалсыз ақсаңдап қалған соң ауруханаға тексерілуге бардым. Рентген жасап, нәтижесінде шұғыл операция жасау керегі айтылды", - дейді ол.

Осылайша қаладағы орталық клиникалық ауруханасында әйелге операция жасалған. Жарты сағатқа созылған іс нәтижесінде, оның тізесіне кірген ине алынды. Қазір тұрғынның жағдайы жақсы. Ауырғаны басылып, ақсаңдағаным да қойды деп отыр.

Ұсынылатын