Monday, 20 May,2024

Тұрғын үйдің 16-қабатында терезе жақтауына отырып, әйнек жуған әйел жұрт жүрегін ұшырды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Интернетте көпқабатты тұрғын үйдің биігінде терезе жуған әйелдің бейнежазбасы тарады. Ол тіпті еш сақтандырусыз, жақтауда отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан келіншектің терез жуып отырғанын байқайсыз. Қорқыныштысы сол, оның ешқандай сақтандырусыз 16-шы қабаттағы жаңтауға аяқпен шыққан.

Әйелдің жанкештілігі жұрттың жүрегін ұшырды. Тіпті оның әрекетіне жазылған пікір көп. Басым бөлігі осындай жағдайдың соңы қайғылы оқиғамен аяқталатынын еске салған.

Ұсынылатын