Sunday, 24 November,2024

Тұрғындар малды сойып, өртеп жатыр: Еліміздің екі облысында сібір жарасы анықталды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Еліміздің Ақмола және Қостанай облысында ірі қара малдан сібір жарасы анықталған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Спутник Қазақстан жазды. Дерекке сүйенсек, Ақмола облысының Үшқарасу ауылында ірі қара малдан сібір жарасы анықталғаны туралы ақпарат "Ашық НҚА" порталына жарияланған. Қандай шара қабылданатынын туралы қоғамдық талқылау 1 қыркүйекке дейін аяқталады.

Індет Қостанай облысы Қарасу ауданында да тіркелгені туралы әлеуметтік желілерде тұрғындар ақпарат таратып жатыр. Ауыл тұрғындары малды сойып, өртеп жатыр.

Тіпті инфекция адамдарға да таралғанын айтылуда.

Ұсынылатын