Тұрғындардың зәре-құтын қашырған “елестің” кім екені белгілі болды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Семейде “елестің” киімін киіп тұрғындардың зәресін алған 22 жастағы қыз ұсталды. Ол біртүрлі әрекеті үшін жауапқа тартылып, айыппұл арқалады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қалалық ПД мәліметінше, 22 жастағы қыз елестің киімін киіп, жерасты өткелінде жүрген. Ары-бері өткендерді қорқытқан ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен қыз кінәлі деп танылып, 69 мың теңге айыппұл арқалады. Полицейлер ойыннан өрт шығатынын айтып, тұрғындарға қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтап, қала тұрғындарының тыныштығын бұзбауды сұрайды.