- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Туризм мәз емес: Қапшағайға шомылуға барған демалушылар жағалауда дәретхана жоқ деп дабыл қақты
Туризм мәз емес: Қапшағайға шомылуға барған демалушылар жағалауда дәретхана жоқ деп дабыл қақты
Шомылу маусымы басталғалы Қапшағай көліне асыққан туристер қатары өте көп. Десе де олардың басым бөлігі дәретхана мәселесіне қапалы, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Закон.кз жазды. Дерекке сүйенсек, демалуға барған туристер жағалауда дәретханалар іс жүзінде жоқ екенін айтуда. Бұл жалпы қалалық жағажайға ғана емес, сонымен қатар коммерциялық нысандардың аумағына да қатысты.
"Қапшағайда 4 күн болдық. Ең сорақысы - демалыс күндері ондаған мың турист келді. Дәретхана табу өте қиын болды. Тапқан күнде де толған кезек және іші лас, - дейді Алматылық турист Асылбек Сәндібеков.
Десе де әкімдік бұл мәселені облыстың екіге бөлінуімен байланыстырып отыр. Әйтпегенде биыл қоғамдық дәретхана көп орнатуды көздеген екен.
"Биыл ол жерге қоғамдық дәретханалар орнатуды жоспарлаған едік. Бірақ Алматы облысы бөлінуіне байланысты жоба тоқтатылды. Енді жағажайдың 5,2 шақырымында келесі жылы жаңа нысандардың құрылысын бастаймыз. Қоғамдық дәретханалар орнатамыз", - деп ақталды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Асхат Жексембеков.
Сонымен қатар шенеунік жағалауда 8 әжетхана барын, оның екеуі тегін, ал қалғандары ақылы екенін де айтты. Тіпті бір кіруге - 150 теңге.