Түркия азаматы ойын-сауық орталығында 4 жасар баланы бір теуіп ұшырды
Алматы облысында ер адам ойын-сауық орталығында бүлдіршінді бір тепкен. Кейіннен полиция оның Түркия азаматы екенін анықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов әлеуметтік парақшасында жазды. Дерекке сүйенсек, 23 шілде Қарасай ауданының ПБ-на сауда ойын-сауық орталығында оның 2019 жылғы қызына дене жарақатын келтірген белгісіз адамға қатысты шара қабылдау туралы 1996 жылғы К. есімді азаматша арызданған.
Артынша іс ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша аудандық полициида тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 1998 жылғы Түркия Республикасының азаматын анықтап, полицияға жеткізді. Күдікті жауап алу барысында оқиғаны баяндап, өз кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта ұсталған адам заңнамада белгіленген тәртіппен УҰИ-на қамаққа алынды. Сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.