Monday, 16 September,2024

Түркия президенті қараша айында Қазақстанға келеді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаев пен бауырлас Қазақстан халқын Ұлттық мерекемен құттықтап, елімізге бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ақорда жазды.

«Тіл, тарих және мәдениет сияқты ортақ құндылықтарымызға негізделген қарым-қатынасымыз стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келеді. Екі елдің ынтымақтастығы жаңа салалармен толыға түскені қуантады. Біздің бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесінде Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстар одан әрі нығая беретініне сенімдімін. Сізбен Астана қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде кездесетініме қуаныштымын», – делінген жеделхатта.

Ұсынылатын