Sunday, 24 November,2024

Түркияда 30 жастағы жерлесіміз бірге тұрған түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Алмас Абылай
Фото

Түркияда бойжеткен көңіл қосқан ер адамды өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Сыртқы істер министрлігі дерегіне сүйенсек, оқиға Бурса қаласында болған.

"2023 жылы 31 тамызда Түркияның Бурса қаласында түрік азаматын өлтірді деген күдікпен қазақстандық бойжеткен ұсталды. 1993 жылғы жерлесіміз марқұммен бірге бір үйде тұрған. Кезекті тұрмыстық жанжал кезінде бойжеткен оған пышақ сілтеген", - делінген ақпаратта.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Ол 2018 жылдан бері Түркияда тұрады. Марқұм - онымен бірге бір үйде тұрған көңіл қосқан адамы көрінеді.

Ұсынылатын