Түркияда шіркеуге қарулы шабуыл жасалды: қаза тапқандар бар
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Түркияның Ыстамбұл қаласындағы шіркеулердің біріне қарулы шабуыл жасалды. Соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Түркия ІІМ басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Онда шіркеуге бетперде киген екі қаскөйдің басып кіріп, ер адамды атып тастағаны айтылған. Санта-Мария шіркеуінде болған жағдайға қатысты қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қаруланған адамдардың әзірге кім екені белгісіз. Оларды ұстау шаралары жан-жақты басталған.