Sunday, 24 November,2024

Түркияда тағы бір қазақстандық жол апатынан көз жұмды

Алмас Абылай
Фото Bagdat Kulmagambetov парақшасынан

Түркияның Алания аймағында тағы бір қазақстандық көз жұмды. Оны тас жолда автокөлік қағып кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы келінешктің ағасы Facebook-те жазды. Онда 38 жастағы әйелді тас жолда қағып өлтіргеніне тоқталады.

"Жұма күні, 13 қазанда қарындасымыз Әлия Құлмағамбетовадан айырылып қалдық. Жасы 38-де ғана еді. Бүкіл өмірі алда, жоспары көп болатын. Оны Аланияның Кестель ауданындағы D 400 тасжолында автомобиль қағып кетті. Полицияның сөзіне қарағанда, ол жолды белгіленген бөліктен, бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде кесіп өткен, тергеу жүріп жатыр. Көлік тізгінінде жас қыз болған. Оны оқиғаның анық-қанығын анықтағанша үйіне жіберді. Осының алдында ғана Әлияжан жол-көлік оқиғасына куә болған еді. Тіпті ол туралы чатқа да жазған. Сондықтан біз полиция айтып отырған нұсқаның дұрыстығына сенімдіміз – жолды ережеге сай кесіп өткен. Түркия тарапы тергеуді әділ жүргізеді деп үміттенеміз", – деп жазады марқұмның ағасы.

Сыртқы істер министрлігі Түркияның Алания аймағында тағы бір қазақстандықтың көлік апатынан көз жұмғанын растады.

Ұсынылатын