Түркияда тағы да жер сілкінді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Түркияда қуаты 4,7 балдық жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер асты дүмпуі Түркияның солтүстігінде орналасқан Болу қаласында болған. Қуаты 4,7 балдық жер сілкінісінің ошағы 3 шақырым тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.