Түркияда тағы жер сілкінді
Uaqyt.info
Фото
Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 4,7 балл болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Уақыт.кз.
Бұл туралы Анадолы ақпараттық агенттігі хабарлады. Онда Кахраманмараш провинциясының Гёксун ауданында жерасты дүмпуі болғаны жазылған. 4,7 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы 7,34 шақырым тереңдікте орналасты. Айта кетейік, мұндай сілкіністер Кахраманмарашта 21 және 23 наурызда тіркелді.