Saturday, 23 November,2024

Түркияда жол апатына түскен қазақстандық турист қайтыс болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Түркияның Алания қаласында жол апатына түскен қазақстандықтардың бірі көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.infо.

 Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Оның айтуынша, отандасымыздың бірі  бүгін таңертең ауруханада көз жұмған.

“Қайтыс болған ҚР азаматының ұлы Аланияға барған, қазір ол қазақстандық дипломаттармен бірге. Оған барлық қажетті қолдау мен көмек көрсетіліп жатыр”, - деді Айбек Смадияров.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияда апатқа ұшыраған автобустың ішінде 12 қазақстандық болған еді. Түрлі дене жарақатын алған қалған туристер ауруханада ем қабылдап жатыр.

 

Ұсынылатын