Saturday, 23 November,2024

Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандықтардың жағдайына қатысты СІМ жауап берді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркияның Алания қаласында апатқа ұшыраған қазақстандықтардың жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“30 шілдеде Аланияда Қазақстанның 12 азаматы мінген шағын автобус жол апатына ұшырады. Түркия полициясынан алынған алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жүк көлігіне соқтығысқан. Апат салдарынан бірнеше адам жарақат алып, олар жедел түрде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Жағдайдың мән-жайын анықтау және қазақстандық азаматтардың жағдайын білу үшін консул Аланияға аттанып, зардап шеккен отандастарымызбен кездеседі.

ҚР 12 азаматының ішінде екеуінің жағдайы орташа ауыр. Оларға операция жасалып, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қалған 10 азаматтың, оның ішінде төртеуі бала, жағдайы қанағаттанарлық. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Барлығының медициналық сақтандыруы бар, - делінген мәліметте.

Ұсынылатын