- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Түркиядағы Президент сайлауына 1 апта қалды: Оппозияция 20 жыл билік құрған Ердоғанға үлкен қауіп төндіруде
Түркиядағы Президент сайлауына 1 апта қалды: Оппозияция 20 жыл билік құрған Ердоғанға үлкен қауіп төндіруде
Түркиядағы Президент сайлауы жақындаған сайын билікке ұмтылған үміткерлер арасындағы белсенділік арта түскен. Тіпті қазіргі басшы Реджеп Тайып Ердоған тақтан айырылып қалмау үшін барын салуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Түркиядағы Президенттікке үміткер 4 адам бас тізімде. Ол қазіргі басшы Ердоған, екіншісі опозициялық партия төрағасы Кемал Кылычдароғлы және Мемлекет партиясының басшысы Мухаррема Индже мен тағы бір партия атынан сынға түскен Синана Оған.
Дей тұрғанымен соңғы екі үміткердің үні халық арасында қатты естілмейді. Негізгі үміт Ердоған мен Кемал арасында.
Ностаящее время сайтындағы дерекке сүйенсек, соңғы күндері Түркияда бейресми сауалнама жүргізілген. Нәтижесі бойынша ешбір кандидат халықтың 50 пайыз қолдауына ие бола алмапты. Ердоған 48,6 пайыз дауыс жиса, Кемал – 44,1 пайыз, Индже – 4,3 пайыз және Санан Оған – 3 пайыз қолдауға ие болған. Ал SER-AR тәуелсіз ұйымының сауалнамасы бойынша Кемал көш басында. 52,7 пайыз халық қолдауына ие болыпты. Ал Ердоғанды 44,3 пайыз жұрт қолдаған.
Соңғы мәліметтер бойынша оппозияциялық партия белсенділігі өте жоғары. Елдегі жұрт қазіргі билікті жойқын жер сілкінісі салдарынан кейін және азық-түлік бағасының екі есеге өсуінен сынға алуда. Бірақ соған қарамастан Ердоған Үкіметі ел халқына жылу үшін 1 айға төлемеу жеңілдігін жасап берді.
Айта кетейік, Түркиядағы Президент сайлауы 14 мамыр күні өтеді.