Түркиядағы жол апатынан тағы бір қазақстандық турист көз жұмды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Түркияда болған жол апатынан тағы бір отандасымыз көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Ондағылардың айтуынша, марқұмның денесін елге жеткізу жұмыстары қарастырылып жатыр. Айта кетейік, бұған дейін жолаушылар мінген автобустың апатқа ұшырауы салдарынан қазақстандық азамат қайтыс болған еді.
“Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада”, - делінген хабарламада.