Saturday, 23 November,2024

Түркияның қайта сайланған президенті Ердоған министрдің бәрін ауыстырып тастады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Түркияның қайта сайланған президенті Реджеп Тайып Ердоған Үкімет құрамын 90 пайызға жаңартты. Бұған дейін АҚШ пен Еуропадан оқып келген білікті министрлерден тек екеуі ғана орнында қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Риа Новости жазды. Дерекке сүйенсек, Ердоған ұлықтау рәсімінен кейін бұрғынғы министрлерден тек денсаулық сақтау мен мәдениет және турзим министрлерін ғана қалдырған. 58 жастағы Фахреттин Коджа 2018 жылдан бері денсаулық саласын басқарып келеді. Оның мойнына түскен ең ауыр сынақ 50 мыңға жуық адамның өмірін қиған жер сілкінісі болды.

Сондай-ақ мәдениет және туризм министрі 55 жастағы Мехмет Нури Эрсой өз қызметінде қалды.

Ал қалған министрліктер түгелдей жаңарған. Президент осылайша Түркияның болашағын бірден Үкімет басшысын да, құрамын да ауыстырумен бастап отыр.

Жаңа жасақталған министрлер арасында жалғыз әйел бар. Ол отбасы істері министрі Махинур Гекташ. Ол 40 жаста. Бұрын Түркияның Алжирдегі елшісі болған.

Ұсынылатын