- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Түркістан облысында 11 сынып оқушысы 14 жастағы қызды пышақпен қорқытып, зорлап келген
Түркістан облысында 11 сынып оқушысы 14 жастағы қызды пышақпен қорқытып, зорлап келген
Жантүршігерлік ақпаратты белгілі қоғам белсендісі Дина Таңсәрі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Дина Таңсәрінің айтуынша, 11 сынып оқушысы 14 жастағы қызды пышақпен қорқытып, бірнеше мәрте зорлаған. Қазір аталған дерек бойынша полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
«Полиция Сайрам ауданы тұрғынының арызы бойынша кәмелет жасына толмаған танысы тарапынан оның кәмелетке толмаған қызына қатысты құқыққа қарсы іс-қимыл фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл факт бірден ҚР ҚК 122-бабының 1-бөлігі бойынша «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер» бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр және сараптама нәтижесі бойынша заңды процестік шешім қабылданатын болады. Қылмыстық істі тергеу полиция департаменті бастығының жеке бақылауында. Сонымен қатар азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді және жалған ақпарат таратудан аулақ болуды сұраймыз», - делінген ведомства тарапынан ұсынылған ақпаратта.