Saturday, 23 November,2024

Түркістан облысында 11 жастағы бала зираттағы құлпытастарды бояп тастады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Түркістан облысында 11 жасар бала мазараттағы адамдар бейнесі бейнеленген көктасты бояп тастаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz жазуынша, аталған дерек ҚР ҚК-нің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды.

Теріс қылықты жасаған 11 жасар кентаулық жасөспірім екені анықталды.

Белгілі болғандай, жасөспірімнің үйі мазарат маңында орналасқан. Үйінен ойнап шыққан бала, мазараттан көк түсті бояу тауып алып, бірқатар жерленген адамдардың көктасын, олардың қоршауын бояп шыққан. Ал әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады.

Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Ұсынылатын