Түркістан облысында 5 жасар бала терезеден құлап кетті
Uaqyt.info

Түркістан облысында 5 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ТЖМ мәліметінше, қайғылы оқиға Таукент ауылында болған. Көпқабатты үйдің 5 қабатынан құлаған бала оқиға орнында көз жұмды. Ол құлаған кезде үлкендердің қарауынсыз қалған. Мамандар ата-аналарға балаларға мұқият болуға шақырады.