Saturday, 23 November,2024

Түркістан облысында 6 жасар қызды зорлаған азғынға сот үкімі шықты

Uaqyt.info
Фото

Түркістан облысында 6 жасар қызды зорлаған педофил 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Естеріңізге сала кетейік, жантүршігерлік оқиға мамыр айында Арыс қаласында болған еді. Азғын кішкентай қызды көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы баспалдақта зорлаған.

Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігімін кінәлі деп танылды. Ол енді 20 жыл ғұмырын темір тордың ар жағында өткізеді.

«Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ» - делінген хабарламада.

Ұсынылатын