Friday, 22 November,2024

Түркістан облысында 9 сынып оқушысының өлімі бойынша екінші күдікті ұсталды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Түркістан облысында мәйіті суару каналынан табылған 9 сынып оқушысына қатысты тағы бір күдікті ұсталды деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ішкі істер министрлігінде хабарлады. Дерекке сүйенсек қыздың өліміне қатысы бар деген күдікпен тағы бір жігіт ұсталған. Оның жеке басы анықталып, қамауға алыныпты. 

"Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын  оқиға орнында нақтылап көрсетті. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - делінген полиция ақпаратында. 

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының Ордабасы ауданында 9-сыныпта оқитын қыздың мәйіті табылған еді. Кейін туыстары Аружан Орынбаеваны 2 жерден пышақтағанын айтты. 

Ұсынылатын