Saturday, 23 November,2024

Түркістан облысында әйел өз күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 38 жастағы ер адамды өз әйелі өлтірген. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

12 тамыз күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полициясына жергілікті тұрғыннан екі күн бұрын 38 жастағы інісі жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жоғалған тұрғынды іздеуге жұмылдырылды.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полицейлер отбасылық жанжалдан кейін күйеуін өлтірді деген күдікпен ауданның тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қайғылы жағдай орын алған отбасы ішкі істер органдарында есепте тұрмаған және отбасылық жанжал бойынша бұрын полицияға жүгінбеген», - дейді Түркістан облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен «Кісі өлтіру» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

 

 

 

Ұсынылатын