Saturday, 5 October,2024

Түркістан облысында із-түссіз кеткен оқушының мәйіті табылды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында 10-шы сынып оқушысының мәйіті табылды. Бірнеше күн бойы іздеуде болған жасөспірімнің әзірге неден қаза тапқаны белгісіз. Полиция тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Полиция Сайрам ауданында кәмелетке толмаған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсынылатын