Friday, 22 November,2024

Түркістан облысында көкөністен вирус табылды

Алмас Абылай
Фото pixabay

Түркістан облысына Түркіменстан, Өзбекстан, Иран елдерінен жеткізілген қызанақтан вирус табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы qazaqstan.tv хабарлады. Онда Сарыағаш ауданындағы шекара бекетіндегі тексеру кезінде қызнақтардан “қоңыр қатпарлы вирус” және “қызанақтың қола түстес тоспо вирустары” табылғаны жазылған. Облыстық аумақтық инспекция басшысы Ибрагим Бегасыловтың айтуынша, қызанақ тиелген жүк көліктері келген елдеріне кері қайтарылған.

"Өсімдіктер карантині заң талаптарына сәйкес, жүктің иелеріне әкімшілік іс шаралар қаралып, жүктер келген елдеріне кері қайтарылды. Жалпы бұл аурулар Республика аумағына енетін болса, қызанақ, тәтті бұрыш, баялды өнімдерімен айналысатын кәсіпкер фермерлердің жылыжайларына және ашық алқапта өсірілген өнімдерге 50-70 пайызға дейін елеулі зиян келтіреді", - деді Ибрагим Бегасылов.

Ұсынылатын