Saturday, 5 October,2024

Түркістан облысында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 50 адам эвакуацияланған

Алмас Абылай
Фото pixabay

Түркістан облысындағы Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үй шатыры өртенді. Салдарынан 50 адам қауіпсіз жерге көшіріліп отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметіне сүйенсек, өрт жайлы хабарлама түнгі 22:00-де түскен. Оқиға орнына жеткенде төтеншеліктер 3 қабатты тұрғын үйдің шатыры жанып жатқанын анықтады.

Дереу өртті сөндіруге өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 10 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 50 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Абырой болғанда зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

Ұсынылатын