Friday, 22 November,2024

Түркістан облысында мектеп оқушысын 6-сыныптың баласы зорлаған

Uaqyt.info
Фото theins.ru/

Түркістан облысында 6-сыныптың баласы өзінен бір сынып төмен оқитын оқушыны зорлаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жантүршігерлік ақпаратты “Не молчи” қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жәбірленушінің анасы сол мектепте жұмыс істейді екен. Білім ордасының әкімшілігі бұл сұмдық жайтты ешкімге айтпауға әрекет еткенімен, анасы көнбей, полицияға арыз түсірген.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәбірленушінің арызы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

“Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Істің тергелуі Түркістан облысының полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында”, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын