Түркістан облысында мүгедек студенттерге мерзімі өткен азық-түлік берілген
Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі 80 студентке мерзімі өтіп кеткен азық-түліктер берілген. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Кентауда орналаcқан "Арнайы кәсіптік колледжі" мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын өрескел бұзған. Прокуратура мекемеде мерзімі өткен азық-түліктер мен ескіру мерзімі өткен медициналық препараттарды қолданылғанын анықтады.
"Медициналық қарсы көрсетілімдері мен шектеулері бар талапкерлерді оқуға заңсыз қабылдау фактілерін біле тұра, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары тиісті шаралар қабылдамаған. Тексеру нәтижесінде заңбұзушылықтарды жою және бала құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы 5 прокурорлық ден қою актісін облыс әкімдігіне және мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттеріне енгізді", - делінген хабарламада.