Thursday, 19 September,2024

Түркістан облысында науқас дәрігерді пышақтап тастады

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Түркістан облысында дәрігерге шабуылдаған күдіктіні полиция ұстады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салды.

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция ауданның 27 жастағы күдікті тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Болған оқиғаның барлық мәнжайы анықталуда.

Ұсынылатын