- Басты жаңалықтар
- Сот
- Түркістан облысында оқушы қызды зорлап, ақша бопасалаған жігітке сот үкімі шықты
Түркістан облысында оқушы қызды зорлап, ақша бопасалаған жігітке сот үкімі шықты
Түркістан облысында оқушы қызды зорлап, жәбірленушіден ақша бопсалаған жігіт 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған қызды бірнеше рет зорлап, интимдік қатынасты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған жігітті 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.
Айта кетейік, видео ғаламторда тарағаннан кейін оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсаған болатын.
Сотталушы кінәсін қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.