Monday, 20 May,2024

Түркістан облысында оқушылар мінген газель өртеніп кетті

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында ішінде 16 оқушысы бар газель өртке оранды. Оқиға "Шымкент-Самара" автожолында болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Белгілі болғандай оқушылар толы көлік Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан. Жолда ақау шығып газель түгі қалмай жанып кетті. Құдай сақтағанда, зардап шеккендер жоқ. өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

 

 

Ұсынылатын