Friday, 20 September,2024

Түркістан облысында оқушылар төбелесті: Бір баланың бас сүйегі ойылып қалған

Алмас Абылай
Фото

Түркістан облысы Құсшы ата ауылында 60-қа жуық оқушы төбелескен. Салдарынан бір баланың бас сүйегі ойылып қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мектеп оқушыларының арасындағы төбелес сөзге келе алмаудан басталыпты. Артынша бір ауылдың жастары екіге бөлініп, мәселені жұдырықпен шешпекші болған. Ауылдың бір жағы Кентау қаласына қараса, екінші бөлігі Сауран ауданына тиесілі. Содан да болар екі жақтың балалары жиі төбелесетін көрінеді. Бірақ бұл жолғы келісеалмаушылықтың соңы бір-біріне тас лақтырумен аяқталыпты. Тіпті бората атқан тастан көше бойындағы үйлер де бүлінген көрінеді.

Төбелес кезінде 9 сынып оқушысының бас сүйегі сынып, ойылып қалған. Салдарынан дәрігерлер шұғыл ота жасапты.   

Қазір тергеу шаралары басталды. Сондай-ақ осы жағдай бойынша  10 сынып оқушысының үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Ұсынылатын