Түркістан облысында қызды өлтірді деген күдікпен 11-сынып оқушысы ұсталды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
9-сыныпта оқитын қыз баланың мәйіті 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы арықтардың бірінен табылған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оtyrar.kz сайтының жазуынша, 11-сынып оқушысы адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынған. Оның үстінен ҚК 99 бабы 2 бөлігі бойынша (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Бұл дерек бойынша, жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Айта кетейік, жантүршігерлік жағдай Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында болған еді. Полицейлер іздестіру жұмыстары барысында 9-сыныпта оқитын қыздың денесін ауылдың шетінен тапқан болатын.