Түркістан облысында қызғалдақ жұлған қызды полиция ұстады
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Түркістан облысында қызыл кітапқа енген “Грейг” қызғалдақтарын жұлып, ол әрекетін әлеуметтік желіге жариялаған 22 жастағы қыз жауапқа тартылуы мүмкін. Полиция студент қыздың жеке басын анықтаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Тексеру кезінде жойылып кету қаупі төнген “Грейг” қызғалдақтарын Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғыны жұлғаны анықталды. Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, өз парақшасында жариялаған. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі полиция бөлімінде тіркелді. Барлық жағдайлар анықталуда" делінген полиция мәліметінде.