Түркістан облысында шала туған сәбидің өлі денесі табылды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Түркістан облысында белгісіз адам шала туған сәбидің өлі денесін перинаталдық орталыққа тастап кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, белгісіз адам ай-күні жетілмей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған.
"Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды", – делінген ақпаратта.