Friday, 18 October,2024

Түркістан облысында шопан бір отар қойымен жоғалып кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Отырар ауданының Сарыкөл ауылында шопан ұйытқыған боран кезінде бір отар қойымен жоғалып кетті. Құдай сақтағанда ол ауылдан 20 шақырым жердегі қораны паналап аман қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Іздестіру кезінде шопан Сарыкөл ауылынан 20 шақырым жерден табылды. Ер адам жол бойындағы қораны паналаған. Жаурап қалған. Қазір қауіпсіз жерге жеткізілді. Қойлары да түгел» делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ұсынылатын